8 – маусым күні Н.Жантөрин атындағы филармонияда орталықтың ұйымдастыруымен
«Біз таланттарды іздейміз!» облыстық конкурсының ІІ кезеңі өтті.
Конкурстың екінші күнінде іріктеу кезеңінен өткен «Театр өнері» бағыты бойынша 3 көрініс және «Аспаптық орындау» бағыты бойынша 22 қатысушы өз өнерлерін көрсетті.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес жүлдегерлер тізімі төмендегідей:
«Театр өнері» бағыты
I орын
«Жас талант» театры – Қызылқоға ауданы Жаңашаруа қазақ орта мектебі;
II орын
«Нұршуақ» театры – Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы орта мектептің оқушылары;
III орын
«Жас Қанат» театры – Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің білім алушылары
«Аспаптық орындау» бағыты
ГРАН ПРИ
Жанғабыл Мадияр – Махамбет ауданы Алға орта мектебінің 10- сынып оқушысы;
I орын
Ізғали Жаннұр – Исатай ауданы Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің білім алушысы;
II орын
Молдағали Жан – Атырау қаласының Абай атындағы оқушылар орталығының білім алушысы;
«Нұрлы саз» домбырашылар ансамблі – Атырау қаласының Абай атындағы оқушылар орталығының білім алушылары;
III орын
Шарипова Дильназ –Жылыой ауданы М.Сатыбалдиев атындағы № 18 орта мектептің 6-сынып оқушысы;
Серікқали Ақарыс – Исатай ауданы Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оқушысы;
Еркінғали Рахман – Исатай ауданы Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оқушысы
Және де арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Жүлдегерлеріміз бен олардың жетекшілерін орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!