Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

ХVІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАСТАУ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

  Ағымдағы жылдың 9 – 13 – маусым аралығында Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты базасында ХVІ республикалық математикалық «Бастау» турнирі өтті.

  Аталған турнирге Атырау облысынан үздік шыққан 2 команда қатысты.

  Турнирдің республикалық кезеңі 3 турда ұйымдастырылды:
І тур: «Әу, баста!» (командалық сынақ);
ІІ тур: «Асық» (командалық сынақ);
ІІІ тур: «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).

  Берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған орыс тілді №17 мектеп-лицей командасы КОМАНДАЛЫҚ СЫНАҚ бойынша 46 команда арасынан ІІ орынды иеленді.

  Сонымен қатар, жеке сынақ бойынша қатысушылардың арасынан озық шыққан оқушылар төмендегідей жетістіктерге жетті.

  Орыс тілді командасы «Математикалық бәйге» туры бойынша:
1. Стефанди Адель–Атырау қаласы №17 мектеп-лицейдің 2 – сынып
оқушысы – III орын;
2. Омаров Айдар–Атырау қаласы №17 мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы – Грамота;
3. Пак Ярослав–Атырау қаласы №17 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушысы – II орын;

  Қазақ тілді командасы «Математикалық бәйге» туры бойынша:
1. Түгелбайұлы Диас-Махамбет ауданы Қызылүй орта мектебінің
2-сынып оқушысы III орын;
2. Кайберенов Закиржан-Жылыой ауданы №21 орта мектептің 3-сынып
оқушысы III орын;
3. Ержігіт Айбат-Махамбет ауданы Д.Төленов атындағы мектеп-
гимназиясының 4-сынып оқушысы III орын;

  Барлық оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!