Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Атыраулық оқушылар ҚБТУ грантына ие болды

Атырау облыстық “Білім-Инновация” лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Қазақстан-Британ техникалық университетінің грантына ие болды.

2021 жылдың қаңтар айында өткен XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері – Мәскеуғалиев Дәурен мен Мырзатай Айбек, Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша грантына ие болды. Берілген грант оқыту шығындарын толық өтейтін болады.

Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) – техникалық, өндірістік және экономикалық салаларда жоғары білікті мамандар даярлаудағы көшбасшы және еліміздегі ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі. Осындай университеттің болашақ студенттері біздің облысымыздың дарынды оқушылары екендігі көңілге қуаныш ұялатады.