Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің облыстық байқауы

  29 – тамыз күні Атырау қаласы Абай атындағы оқушылар шығармашылық орталығында «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің облыстық байқауы өтті.

  Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру, жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.

  Байқауға 10-13 және 14-17 жас санаты бойынша жалпы саны 57 оқушы қатысты.

  Байқауға қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша бақ сынады.
«Менің елім – менің жерім»:
– классикалық кескіндеме (портрет, пейзаж);
– тақырыптық натюрморт (халық тұрмысы заттарының немесе халық қолөнері мен қолөнер бұйымдарының бейнесі);
«Таланттар палитрасы»:
– авангард және эксперименттік кескіндеме – кез-келген композициялық шешім;
– сюжеттік композиция («Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым»).

  Байқаудың ережесіне сәйкес жеңімпаздар Таланттарды анықтау және қолдау орталығының І дәрежелі дипломымен 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломымен 7 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломымен 7 оқушы және Алғыс хатпен 39 оқушы марапатталды.

  Жүлдегерлерімізді және олардың жетекшілерін орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!