«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» республикалық қашықтық олимпиадасы
Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастыруымен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдерінің 5 – 11 – (12) – сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиада мақсаты – қарым – қатынас, зияткерлік және рухани даму құралы ретінде мемелекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытатын, лингвистикалық бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Олимпиадаға қазақ мектептерінде оқымайтын, ұлты қазақ емес оқушылары қатыса алады. Олимпиада онлайн режимде өткізіледі. Қатысушылар www.games.daryn.kz платформасында жеке кабинетіне кіріп, олимпиадаға катысуын растауы керек. Жеке кабинеті болмаған жағдайда, қатысушылар ең алдымен Платформада тіркелуі кажет.