27 – қыркүйек күні Шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өтетіндігін хабарлаймыз.
Байқаудың мақсаты: 8 – 11 – сыныптың шығармашыл оқушылардың гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқау 8 – 11 – сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
Байқау 6 номинация бойынша өткізіледі:
1. Шешендік, білгірлік сайысы;
2. Көркемсөз оқу;
3. Эссе жазу;
4. Ұлттық аспапта өнер көрсету;
5. Ақындар айтысы;
6. Ақындар мүшәйрасы.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!