28 – қыркүйек күні “Таланттарды анықтау және қолдау орталығы” базасында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматында өтуде.
Байқаудың мақсаты: дарынды балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
Шығармашылық жобалар номинациялары:
1. «Жақсылық керуені» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас);
2. «Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас);
3. «Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы (қатысушылардың жасы 13-14 жас);
4. «Менің ашық университеттерім» номинациясы (қатысушылардың жасы 15-17 жас);
5. «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (қатысушылардың жасы 15-17 жас);
6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (қатысушылардың жасы 15-17 жас);
7. «Жаңғырту полюсі» номинациясы (қатысушылардың жасы 14-15 жас);
8. «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» номинациясы (қатысушылардың жасы 15-16 жас).
Жеңімпаз жобалар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!