Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«МЕНІҢ ОТАНЫМА – МЕНІҢ БАСТАМАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

  28 – қыркүйек күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығы базасында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматында өтті.
  Байқауға облыс бойынша 26 оқушы қатысты. Байқауға қатысушылар жоғары дәрежедегі дайындықпен келгенін айта өткен жөн. Еліміздің дамуына өзіндік үлес қосатын үздік, шығармашыл және креативті жобалар авторлары да анықталды.
  Байқаудың қорытындысын сурет беттерінен көре аласыздар. 

  «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауының қазылар алқасы шешіміне сәйкес І орын алған қатысушылар республикалық кезеңге жолдама алды.

  Жүлдегер оқушыларымызды және оларды дайындаған жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!