Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі

  Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі 9 – 10 – қараша күндері өтетінін хабарлаймыз.

  Мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру, дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, үздік өнертабыстарды көрсету және насихаттау.

  Конкурсқа 16 секцияда 4 бағыт бойынша жұмыстар ұсынылған:

  I бағыт «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде»- секциялар: физика, техника, Жер және ғарыш туралы;

  II бағыт «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» – секциялар: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика.

  III бағыт «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жузеге асырудың негізі» – секциялар: химия, биология, қоршаған ортаны
қорғау және адам денсаулығы.

  IV бағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы
туристік маршруттар» – секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, адам және қоғам, әдебиет.

  Жобалар байқауына плагиаттан өткен 154 жұмыс қорғауға жіберілді. Ғылымға бет бұрған жас ғалымдарға сәттілік тілейміз!