29 – 30 – қараша күндері Атырау қаласында Республикалық “Махамбет оқулары” байқауы өтеді. Байқау Н. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында өтеді деп жоспарлануда.
Мақсаты: ұлтына ұран болған ұлы ақынның рухы биік туындыларын насихаттау, танымдарын ізгілікке баулу, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білуге үйрету, бабалардың ерлік рухын сезіндіру.
“Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының ұйымдастыруымен өтетін жыр, өнер додасы 5 номинация бойынша сарапқа салынады.
«Ұлы арман» номинациясы, Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.
«Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы.
«Шашақты найза, шалқар күй»- Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы.
«Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы
«Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
”Махамбет оқуларының” бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.