Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтуде.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру, дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, үздік өнертабыстарды көрсету және насихаттау.
Конкурсқа 4 бағыт, 16 секция бойынша 154 жобамен 207 оқушы қатысуда. Атап айтсақ:
«Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» бағытындағы секцияларда 38 оқушы, 25 жоба;
«Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» бағытындағы секцияларда 54 оқушы, 38 жоба;
«Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жузеге асырудың негізі» бағытындағы секцияларда 36 оқушы, 28 жоба;
«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы
туристік маршруттар» бағытындағы секцияларда 79 оқушы, 63 жоба қорғауда.
Жүлдегер атанған оқушыларға дипломдар мен медальдар табысталады. Және квота бойынша белгіленген оқушылар республикалық кезеңге жолдама алады.
Жас ғалымдардан жасампаз идеялар мен жаңа ашылулар күтеміз. Сәттілік серік болсын!