Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 – 6 – сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық/аудандық кезеңі өтетінін хабарлаймыз!
Олимпиада дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау және ғылыми білімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Олимпиада келесі пәндер бойынша 4 кезеңде өткізіледі:
• Математика
• Қазақ тілі және әдебиеті
• Орыс тілі және әдебиеті
• Ағылшын тілі
• Қазақстан тарихы
• Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі
• Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі.
Мектепішілік кезеңі: 28 – қараша – 1 – желтоқсан 2023 жыл.
Аудандық/қалалық кезеңі:
5 – сынып оқушылары үшін – 11 – желтоқсан 2023 жыл. Сағат 9:00.
6 – сынып оқушылары үшін – 12 – желтоқсан 2023 жыл. Сағат 9:00.
Олимпиада жеңімпаздары келесі кезеңге жолдама алады. Білім бәйгесінде оқушыларымызға сәттілік тілейміз!