Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Исатай және Құрманғазы аудандарында «Идея, мотивация, жетістік» атты көшпелі семинар жұмысын жалғастыруда

Исатай және Құрманғазы аудандарында «Идея, мотивация, жетістік» атты көшпелі семинар жұмысын жалғастыруда
  7 – желтоқсан күні Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес Исатай және Құрманғазы аудандарында «Идея, мотивация, жетістік» атты көшпелі семинар жұмысын жалғастыруда.

  Орталық басшысы Руслан Құрманғалиұлы басқосуды ашып, семинардың мақсатына тоқталды. Оқушылары халықаралық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардан жүлде алып жүрген озат тәжірибелі жас ұстаздарды, яғни спикерлерді таныстырды.

  Көшпелі семинардың спикерлері:
1. Облыстық «Білім-Инновация» лицейінің физика пәні мұғалімі – АЯЗ МЕВЛЮТ.
2. Атырау қаласы, IT мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі – ЕРКИНОВА АҚЕРКЕ МҰРАТҚЫЗЫ.
3. Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – СДИХОВА ЖАЙНАГҮЛ ТЕМІРЖАНҚЫЗЫ.
4. Таланттарды анықтау және қолдау орталығының әдіскері – САҒИДОЛЛАЕВА МАНСИЯ САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ.

  Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу әр ұстаздың міндеті. Осы тақырыпты спикерлер өздерінің әдіс-тәсілдері арқылы әріптестеріне нақты түсіндірді. Жетістікке жеткізген тәжірибелерін бөлісті.

  Сонымен бірге орталықтың бастамасымен іске қосылған ұстаздар мен шәкірттерді анықтау және қолдау мақсатындағы «Үздік 30 мектеп», «Талантты ұстаз», «Дарынды оқушы» номинацияларының өлшемшарттары таныстырылды. Жалпы олимпиадалар мен түрлі конкурстарға қойылатын талаптар дейгейі сөз болды.

  Семинар соңында мұғалімдер толғандырған сұрақтарына жауап алып, жас та болса үлгі болған спикерлерге ризашылық сезіммен алғыс білдірді. Аудандық мектеп басшылары сөз алып, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін көшпелі семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау