2-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА “ЗЕРДЕ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Мектеп оқушыларының зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және дарынды жас оқушыларды табу әрі қолдау және жас ғалымдардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру, үздік жетістіктерін көрсету және насихаттауды көздейтін Жалпы білім беретін мектептің 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі қорытыланды.
Жас ғалымдардың жоба қорғау кезеңіне облыс көлемінде 12 секция бойынша 126 зерттеу жобаларымен 149 оқушы қатысты. Оның ішінде облысымыздың жас зерттеушілері 78 жобамен 91 жүлделі орынды еншіледі. Сонымен қатар барлық жобаға қатысушы оқушыларға сертификаттар табысталды.
Жүлделі I орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы үлкен деңгейдегі додада сәттілік тілейміз!





