Қуанышты жаңалық!
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен республикалық “Абай оқулары” шығармашылық конкурсында Атыраулық оқушылар үлкен жетістікке жетті!
18–20 маусым күндері Абай облысы, Семей қаласында ұйымдастырылған дәстүрлі байқауда Атырау облысының оқушылары ерекше өнер көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғады.
Жүлдегерлеріміз:
Қанатбайқызы Орынхан – Қызылқоға ауданы, Б. Шереков атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы;
Кузаирова Мәдина – Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы;
Сұпығали Тамилла – Махамбет ауданы, А. Байтұрсынұлы орта мектебінің 10-сынып оқушысы.
Барлық қатысушыларды, жетекшілерін және ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы Абайдың 180 жылдығы аясында өткен бұл байқау – жас ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарға деген құрметінің жарқын көрінісі.
Абай мұрасын дәріптеу жолындағы ізденістеріңізге сәттілік тілейміз!





