ҚУАНЫШТЫ ХАБАР!
Бүгін бізде ерекше жаңалық!
Атырау облысының жас дарындары республикалық деңгейде керемет нәтиже көрсетіп, ел мақтанышына айналды!
14–16 мамыр күндері, Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауында біздің оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, төрт бірдей марапатқа ие болды!
БАС ЖҮЛДЕ иегерлері:
Елтайұлы Орынбасар – Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 8-сынып оқушысы
Жанатқызы Кәусар – Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы
II ОРЫН:
Қанатбайқызы Ақжарқын – Қызылқоға ауданы, Ы. Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы
ГРАМОТА:
Айбекқызы Ақнұр – Исатай ауданы, Исатай орта мектебінің 11-сынып оқушысы
Бұл – тек оқушылардың емес, ұстаздар мен ата-аналардың да ортақ жеңісі!
Білімге деген құштарлық, талмай іздену мен қажырлы еңбектің нәтижесі деп білеміз!
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!





