Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Меңдекеш Сатыбалдиев оқулары» байқауы

Өзіне тән қаламгерлік мәнерімен, өлеңдегі өзгеше өрнек-нақышымен, мәйекті тіл, ұтқыр ұйқасымен, сыршыл сазымен әдебиет әлеміне еркін еніп, бар-жоғы отыз алты жыл ғұмыр кешсе де қазақ жырының қалың көшіне іркілмей ілескен Меңдекеш Сатыбалдиевтың ақындық болмыс-бітімі мен оның көркем дүниелерін кейінгі жастарға кеңінен дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Меңдекеш Сатыбалдиев оқулары» байқауы өз міресіне жетті.

“Азырақ болып ортаңда, көңілде тұрсам көбірек” бағыты бойынша:
І орын – Бохай Жеткізген, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
«Атырау облысы Білім беру басқармасының №2 «Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
ІІ орын – Аронқызы Сымбат, Жылыой ауданы, №18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Нұрхан Гүлжайна, Қызылқоға ауданы, Сағыз орта мектебінің
10-сынып оқушысы;

“Қазағым, әлі туарсың біздей, Қаһармандарды қайталап…” бағыты бойынша:
І орын – Есенгелдіқызы Аружан, Атырау облысы, Исатай ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
ІІ орын – Тасемен Рауан, Құрманғазы ауданы, Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Асылбекқызы Ақниет, Жылыой ауданы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің 9–сынып оқушысы;

“…Жүректерге жетсем-ау шуақпенен…” бағыты бойынша:
І орын – Асхатұлы Орынбасар, Қызылқоға ауданы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
ІІ орын – Наурызқызы Сабина, Атырау қаласы, №33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
ІІ орын – Бақтыгерей Іңкәр, Индер ауданы, М.Сиранов атындағы орта мектебінің
9-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Мақсотқызы Жадыра, Жылыой ауданы, №10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Қаден Кәусар, Атырау облысы, Исатай ауданы Мектеп-гимназиясының
9-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Байдаулетов Айбек, «Атырау облысы Білім беру басқармасының №2 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;