Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

“ЕҢ ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ”

“ЕҢ ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫ” ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
✅”Таланттарды анықтау және қолдау орталығының” ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 3-4 сынып оқушыларына арналған “Ең үздік оқырман отбасы” байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Байқауға 5отбасы қатысып, бақ сынасты.
Бүгінгі шарамыздың мақсаты: Ұлтымыздың ой-өрісін дамытумен шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқуды дамыту үшін жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілік пен кітап оқуға деген қызығушылықты ояту. Отбасы мүшелерінің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
️Байқау нәтижесі бойынша
БАС ЖҮЛДЕ
Махамбет ауданы – Сейтказиевтер отбасы;
І дәрежелі
Құрманғазы ауданы – Еспусиновтар отбасы;
ІІ дәрежелі
Мақат ауданы – Төлегеновтар отбасы;
ІІІ дәрежелі
Исатай ауданы – Қоблановтар отбасы
Индер ауданы – Лұқпановтар отбасы марапатталды.
Жеңімпаз отбасыларды құттықтаймыз!