Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Лингвистикалық олимпиада

Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні Атырау қаласының Абай атындағы оқушылар орталығында Атырау облысы Білім беру басқармасы “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының ұйымдастыруымен лингвистикадан іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңі өтеді.

️Мақсаты: оқушылардың “қолданбалы лингвистика” пәніне қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді насихаттау, лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін олимпиада резервін құру.
Олимпиадаға аудандық/қалалық, облыстық мектептердің мектепшілік кезеңдерінің жеңімпаздары, жалпы 20 оқушы қатысады.

⭐️Олимпиадаға қатысушылар орталықтың І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, Алғыс хаттарымен марапатталады.
Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады.