Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Ауыл олимпиадасы

Қуанышты жаңалық!10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндердің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Атырау облысынан 21 оқушы қатысқан болатын. Облысымыздың намысын қорғаған оқушыларымыздың арасынан 12 оқушы жүлделі орындарды иеленсе, 3 оқушымыз арнайы грамотамен марапатталды. Сонымен қатар қорытынды кезеңде үздік нәтиже көрсеткені үшін Атырау облысының командасы «ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМИАДАЛЫҚ КОМАНДА – 2024» атағымен 2-орынды жеңіп алды.
Атап айтсақ:
I орын
Аманкосова Дана – Жылыой ауданы, №4 М. Әуезов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы;
Мирманов Нұрхан – Құрманғазы ауданы, Шортанбай орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
Беркін Тұрсынгүл – Мақат ауданы, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 10-сынып оқушысы
II орын
Саламатова Саяжан – Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
Нуртазаева Зарина – Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы;
Муса Мөлдір – Атырау қаласы, №26 С.Датов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы;
Қуат Айзере – Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
Жәнібекқызы Исламия – Қызылқоға ауданы,Қаракөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
Ізбасар Мейрамбек – Атырау қаласы, Береке орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
Таскалиева Айнара – Құрманғазы ауданы, М.Ломоносов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы.
III орын
Ибат Жарқынай – Индер ауданы, Қ.Абаханов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
Жолдас Бекзат – Атырау қаласы, №39 орта мектептің 11-сынып оқушысы.
Грамота
Тасқынбай Нұрилла – Атырау қаласы, №26 С.Датов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы;
Қуанова Альмира – Индер ауданы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
Әмір Ақмаржан – Қызылқоға ауданы, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы;

Облысымыздың абыройын асқақтатқан барша жүлдегер оқушыларымызды және олардың жетекшілерін білім додасындағы жетістіктерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!