Бүгін, 11 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңінің төртінші күні өтуде.
«Шет тілі» мен «Өзін – өзі тану» пәндері бойынша Атырау қаласы және облыстағы 7 ауданнан барлығы 650 – ге жуық оқушы біліктілігін сынайды деп күтілуде.
Еске сала кетейік, олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңі 8 – 12 ақпан аралығында, облыстық 22 ақпан – 3 наурыз аралығында өтеді.





