Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Жас талант» жобасы

Бүгін, 15 желтоқсан күні, «Жас талант» жобасы аясында ерекше талантымен, қабілетімен танылған дарынды оқушыларды марапаттау шарасы өтті.

Шараға ең үздік деп танылған 9 оқушы шақырылды. Талантты оқушылардың өнерлері мен туындылары көрермендерді тәнті етті.

Көрермендер оқушылардың сурет көрмелерін аралады, өнертапқыш балалардың шығармашылық жұмыстарына қызығушылық танытты, оларға сұрақтар қойып, алдағы жоспарларын тыңдады.

Шара соңында «Жас талант» кейіпкерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.