Алғаш рет жас мұғалімдер арасында өткізілген «BOOKCROSSING» байқауы аяқталды.
Байқауда «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбайдың «Өмірге ғашық болу» кітабы талқыланды.
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген ұлтымыздың ұлы қаламгері Әбіш Кекілбайұлының қанатты сөзін дәйек етсек, жан азығын кітаптан іздеп, кеудесін рухани құндылыққа толтырған ізденімпаз, жаңашыл ұстаздар арасында өткізілген байқауға жалпы саны 60 жас педагог қатысып, 15 топқа бөлінген болатын.
Байқау шарттарына сәйкес тапсырмаларды ұтқырлықпен орындап, белсенділік танытқан 6 команда жүлделі орындарды иеленіп, қаржылай сыйлықтар табысталды.
Атап айтсақ:
I орын – «Сана сәулесі» командасы;
II орын – «Жеткілікті шарт жеткілікті» командасы;
II орын – «Хомосапенс» командасы;
III орын – «Өмірге ғашық жандар» командасы;
III орын – «F4» командасы;
III орын – «Қайсар рух» командасы.
«Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасы негізінде жас оқырмандар ортасын қалыптастыру, олардың тұрақты кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті сақтап, азаматтардың білімі мен санасының ашықтығын дәріптеу мақсатында «BOOKCROSSING» акциясы бойынша қатысушылар бір-бірімен оқыған кітаптарымен алмасты.
Байқауға қатысқан барша ұстаздарға үлкен алғысымызды білдіре отырып, жүлделі орындармен марапатталған командаларды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!





