Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы аяқталып, нәтижесі белгілі болды.
Конкурстың республикалық кезеңінде облысымыздан 5 оқушы жеңімпаз атанды.
Атырау облыстық «Білім – Инновация» лицей–интернатының 10-сынып оқушылары Абдрахман Арнұр мен Нодяров Абдукеримдер командалық жұмыс бойынша және Атырау облыстық дарынды балаларға арналған инернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның 8- сынып оқушысы Базарова Алтынай жеке жоба бойынша II дәрежелі дипломды иеленді.
Ал Индер ауданы жалпы білім беретін Жамбыл атындағы орта мектептің 11- сынып оқушысы Шаймарданова Әсемгүл және Құрманғазы ауданы жалпы білім беретін Н. Гоголь атындағы орта мектептің 8- сынып оқушысы Набидуллаева Альбина III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жобада Абдрахман Арнұр мен Нодяров Абдукерим «Тіл білімі» бағыты бойынша «The difference of learning a foreign», Базарова Алтынай «Құқықтану» бағыты бойынша «Хандық дәуірдегі саяси және құқықтық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы», Шаймарданова Әсемгүл «Өлкетану» бағыты бойынша «Тұздыкөл – туризмге таптырмас орын», Набидуллаева Альбина «Тіл білімі» бағыты бойынша «Сленг в речи школников» тақырыптарын қорғаған болатын.









