Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

“Зерделі” ақыл-ой даму мектебінің жетекшілерімен кездесу өтті

Ақпан айының 16-сы күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерделі» ақыл-ой даму мектебінің бас директоры Рысбек Мәуіт пен атқарушы директор Жансая Серікқызы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының басшылық құрамымен кездесті.

“Зерделі” мектебі –  не бары 6 жыл ішінде үлкен жетістікке жеткен ұйым. Жоғары санатты, білікті мамандардың басын қосқан мектепте оқыған оқушылар республикалық, халықаралық олимпиададан жүлделі орындар алып, ҰБТ-дан да жоғары жетістік көрсетіп жүр. Сондай-ақ НЗМ, БИЛ, РФММ мектептеріне қабылданып, оқуға түскен оқушылардың басым көпшілігі осы “Зерделі” мектебінен тәлім алғандар.

 Нұр-Сұлтандық қонақтар кездесу барысында өздерінің жұмыс жоспарларымен, жобаларымен таныстырды. Кездесу соңында Таланттарды анықтау және қолдау орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой даму мектебі арасында ынтымақтаса жұмыс  жасау мақсатында меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, күннің екінші жартысында қонақтар Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия базасында  математика пәні мұғалімдерімен кездесіп, оқушыларды олимпиадаға дайындау, қиын есептерді шешу жолдары тәжірибелерімен бөлісті.