20 – қараша күні жалпы білім беретін мектептерің 10 – 11 – сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтіп жатыр.
Олимпиаданың мақсаты:
Мектеп оқушылар арасынан математика пәні бойынша ерекше қабілеті бар балаларды анықтау;
Жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық инженерлік- техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту;
Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.
Мектепішілік кезеңнің тапсырмалары екі кезеңнен тұрады:
1. Тест жұмысы
2. Бос орындарды толтыру. 10 есептің тек жауаптарын толтырады.
Мектепішілік кезең іріктеу кезеңі болып табылады. Жеңімпаз оқушылар облыстық кезеңге жолдама алады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!