Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУЙМААДА» ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

  2 – 7 – шілде аралығында өткен математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша халықаралық «Туймаада» олимпиадасы қорытындыланды.

  Ресейдің Якутск қаласында қашықтық форматта өткен білім сайысына 80 қазақстандық оқушы қатысты.

  Оның қорытындысы бойынша «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Таймас Мансур КҮМІС медаль иеленді.

  Атыраулық оқушымызды, оның ата-анасы мен жетекші-мұғалімін орталық атынан шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз! 

  Айта кетейік, «Туймаада» олимпиадасының мақсаты – оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуды ынталандыру, фундаментальды ғылымдармен айналысуға тарту, халықаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынасты дамыту.