Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Атырау қаласындағы 7 білім беру ұйымында және Құрманғазы мен Жылыой ауданында «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.
Аталған бағдарлама бойынша Атырау облысынан қатысқан 600-ден аса оқушы мен студенттен іріктеліп, «Елбасы медаліне» ие болған 104 шәкірттің 11-і 2020 жылы марапатталса, қалған 93 қатысушы 30 наурызда өткен салтанатты рәсімге қатысты.
«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
Жоба 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өткен марапаттау рәсіміне облыстық Білім беру басқарма басшысы Есенғалиев Сатқан Ыбырайұлы арнайы барып, марапаттауға қатысты.
Сатқан Ыбырайұлы Назарбаев қорының қолдауымен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры іске асырған «Ел үміті» жобасының маңызына тоқталып, жеңімпаздарды құттықтады. Сондай ақ басқарма басшысы жеңімпаздарға медаль, төсбелгілерді табыс етті.
Атырау облысы бойынша «Елбасы медалі» иегерлерінің оқу орындары:
- Құрманғазы ауданы Абай атындағы о/м.,
- Қызылқоға ауданы Б.Аманшин ат о/м.,
- Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп- лицей интернаты,
- Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия
- Атырау облыстық дарынды балалар мектеп- интернаты,
- «Білім-Инновация» лицей- интернаты,
- Назарбаев зияткерлік мектебі,
- IT мектеп-лицейі,
- Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей интернатының оқушылары
- Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі,
- Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі.













