Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Atyraỳ» телеарнасы бірлесіп телевизиялық «Daryn» білімділер сайысына іріктеу өткізілді

  30 – қыркүйек күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығы мен «Atyraỳ» телеарнасы бірлесіп 9 – сыныптың озат оқушылары арасында телевизиялық «Daryn» білімділер сайысына іріктеу ұйымдастырды.
  Сайыстың мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға ықпал жасау.
  Сайысқа облыс бойынша 172 мектептен 1490 оқушы қатысты. Іріктелген 32 оқушы «Atyraỳ» телеарнасында өтетін сайысқа жолдама алады.
  Еске салсақ, өткен оқу жылында «Daryn» білімділер сайысына 172 мектептен қатысқан 830 оқушы ішінен үздік 4 жеңімпаз есімдері анықталды. Тартысты ақтық сында оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсете отырып, ағылшын тіліне жетік екендерін де танытты. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді.
  Биыл да қатысқан оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
 
  ​30 сентября  Центр выявления и поддержки талантов и телеканал «Атыраỳ» организовал отбор на интеллектуальную телевизионную игру «Дарын» среди отличников 9 классов.
  ​Цель конкурса: развитие интеллектуальных способностей учащихся за счет повышения их интереса к предмету.
​  В конкурсе приняли участие 1490 учащихся из 172 школ региона. 32 отобранных учащихся будут направлены на телевизионную игру телеканала «Атыраỳ».
  ​Напомним, в прошлом учебном году были определены имена 4 лучших победителей из 830 учащихся области, принимавших участие в интеллектуальной телеигре «Дарын». В финале телеигры учащиеся продемонстрировали свои разносторонние интеллектуальные знания и владение английским языком. Победители были награждены денежными призами.
​  Желаем таких же успехов участникам этого года!