Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңі

  20 – қараша күні елімізде алғаш рет өткізілетін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңі басталады.

  Олимпиадаға 9 – 11 – сынып оқушылары қатысады. Атырау облысы бойынша қала маңындағы ауыл мектептері мен 7 ауданнан 110 мектеп, 3087 оқушы қатысады деп жоспарланып отыр.

  Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық бағытта: математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндерінен;

  Қоғамдық – гуманитарлық бағытта қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі пәндерінен өткізіледі.

  Бұл бастаманың мақсаты – ауылдық білім беру ұйымдарындағы оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.

  Атап өтейік, олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 – қараша күні еліміздің барлық ауыл мектептерінде бір мезгілде өткізіледі. Алғашқы олимпиада жұмысына және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

  20 ноября впервые стартует первый (начальный) этап республиканской олимпиады для учащихся сельских школ.

  В олимпиаде принимают участие учащиеся 9-11 классов. Планируется, что в Атырауской области примут участие 110 школ, 3087 учеников из сельских школ из 7 районов.

  Олимпиада проводится по общеобразовательным предметам естественно-математического направления: математике, физике, химии, биологии, информатике, географии;

  В общественно-гуманитарном направлении проводятся предметы: казахский язык и литература, русский язык в школах с казахским языком обучения, русский язык и литература, казахский язык в школах с русским языком обучения, История Казахстана, основы права, английский язык.

  Цель данной инициативы-выявление одаренности и способностей учащихся в сельских образовательных организациях, создание оптимальных условий для их поддержки, отбор наиболее академически способных учащихся.

  Отметим, что торжественное открытие Олимпиады состоится 20 ноября во всех сельских школах страны одновременно. Желаем успехов в работе первой Олимпиады и всем участникам!