12 – қыркүйек күні «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының облыстық фестивалі қашықтық (онлайн) форматында өтетіндігін хабарлаймыз!
Фестивальдің мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
Фестивальге 14-17 жас аралығындағы аудан, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.
Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) үздік фильм;
2) ойынды кино;
3) STOP-MOTION-видео;
4) өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім;
5) музыкалық клип;
6) телевизиялық сюжет;
7) киножурнал;
8) ғылыми кино.
Байқау жұмыстары келесі бағалау өлшемдері бойынша бағаланады:
1) фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраны көрсетудің толықтығы;
2) тақырыпты ашу тереңдігі, танымдығы, мәдени құрамдастығы;
3) өзектілігі, эмоционалдық әсері;
4) режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық
сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері);
5) музыкалық сүйемелдеу;
6) сценарийлік жұмыс.
Жас режиссерлерге сәттілік тілейміз!