Бастауыш сынып оқушыларына арналған “Бастау” республикалық математикалық турнирінің қорытындысы шықты.
Турнир ІІІ турдан тұрды. І тур “Әу, баста!”, ІІ тур “Асық”. Бұл турлар командалық олимпиада, ал ІІІ тур “Математикалық Бәйге” жекелей олимпиада деп аталды.
Турнирдің нәтижесі бойынша біздің оқушыларымыз ІІІ турдан жақсы нәтиже көрсетті. Бір күміс, бір қола жүлдеге ие болды.
Жүлдегерлердің бірі – Алиев Арсен. Арсен – Атырау қаласы, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясының 2-класс оқушысы. Ол ІІ дәрежелі дипломды иеленді.
Екінші жүлдегеріміз – Соколов Савва. Савва – Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясының 3-класс оқушысы. Ол ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.






