Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

“Болашаққа жол өзіңнен басталады” атты семинар-тренинг басталды

"Болашаққа жол өзіңнен басталады" атты семинар-тренинг басталды

Бүгін, 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының ұйымдастыруымен “Болашаққа жол өзіңнен басталады” атты екікүндік семинар-тренинг басталды.

Аталған семинар тренингке Атырау облысынан 25 оқушы қатысуда. Қатысушылар 9-11 сыныптардағы оқу озаттар, белсенді және дарынды балалардан іріктелді.

Бұл жоба Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын жан-жақты насихаттайтын, Қазақстан жастарының патриоттық сезімін арттыруға және әлеуметтік-азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәні бар жобалардың қатарына енеді.

Жыл сайын тұрақты түрде өтіп тұратын аталмыш семинар-тренинг Нұр-Cұлтан қаласында өтетін. Алайда қазіргі ахуалға байланысты вебинар түрінде өтпек.

Семинарда Тәуелсіздік дәуірі, Рухани жаңғыру болашаққа барар жол сынды тақырыптарда дәріс жүргізіліп, білікті мамандармен бірлесе жаттығулар мен тапсырмалар орындалады. Сондай-ақ қатысушылар әлеуметтік жобалар жасаумен де айналысады.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау