«Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» жылдық жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 3 – 4 – сынып оқушыларына арналған «Ең үздік оқырман отбасы» байқауының облыстық кезеңі өтетіндігін хабарлаймыз. Байқауға оқушылар ата-анасымен (ата-әжесімен) қатыса алады.
Байқау мақсаты:
Ұлтымыздың ой-өрісін дамыту мен шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқуды дамыту үшін жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілік пен кітап оқуға деген қызығушылықты ояту. Отбасы мүшелерінің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Байқау ( оффлайн режимінде) үш кезеңнен тұрады.
І кезең – мектепішілік кезең (наурыз-сәуір айлары)
Оқуға ұсынылған кітаптар:
1. Ы.Алтынсарин « Бір уыс мақта» қазақ әңгімелері
2. Ә.Файзуллаұлы «Күй таңдаған күшік» әңгімелер, ертегілер, пьесалар
ІІ кезең – аудандық кезең (мамыр)
1. Әбділдабек Салықбай «Айдана мен Ақжолтай»
2. Ақселеу Сейдімбек «Алпамыс батыр» эпостың баяны
ІІІ кезең – облыстық кезең (қыркүйек) (Республикалық отбасы күніне орай)
Үш кітапты да оқу міндетті.
1.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн»
2. Валерий Кастрючин «Ержүрек құмырсқа»
3. Әлем халықтарынан ORDA ертегілері
Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
Байқауда қатысушылар берілген кітаптардың мазмұны бойынша 8 бөлімнен тұратын тапсырмаларды орындайды.
«Маған ұнаған…!» — авторға, кітапқа, мазмұнға, кейіпкерге қатысты өз сезімін, шынайы лебізін білдіру.
Берілген әдеби шығармадан алынған «Өзекті дәйексөз».
«Оқыңыз-айтыңыз» – байқауға кітаптың мазмұнын айтудан әр топтың топ басшылары қатысып, өзара жарысады.
«Жалғасы бар…» — оқыған кітабыңыздың жалғасын табыңыз немесе автор ретінде өзіңіз кітапты қалай аяқтар едіңіз?
«Кітап мазмұнында кездескен дауыстар» – әр түрлі шу мен дыбыстарды қолдана отырып, мәтінді оқып, кітапты дыбыстаңыз.
«Біз оқимыз және сурет саламыз» — әдеби шығармадағы ең жақсы сурет.
Үй тапсырмасы «Театрлық көрініс» — байқауға қатысатын жанұя берілген кітаптан үзінді дайындайды.
Букфест дайындау.
Қатысушы отбасыларымызға сәттілік тілейміз!