Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«ЭРУДИТ» атты жаңа айдарымыздың кезекті шығарылымын ұсынамыз!

  Айдарымыздың кезекті кейіпкері – Қаби Айдана.
  Айдана – Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11-сынып оқушысы.

  Айдананың бағындырған жетістіктері:

  Республикалық ХХІІІ «Абай» оқулары байқауының І орын иегері;

  Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының ІІ орын иегері;

  Республикалық «Абай әлемі» байқауының ІІІ орын иегері;

  Облыстық «Абай» оқулары байқауының ІІ орын иегері;

  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиаданың І орын иегері;

  Облыстық ғылыми жоба байқауының ІІ орын иегері;

  Облыстық «Абайтану» олимпиадасының ІІІ орын иегері;

  Облыстық «Махамбет» оқулары, Махамбет күйлерін орындау номинациясы бойынша ІІ орын иегері;

  Еске сала кетейік, Бұл айдар көптеген білім салаларынан хабардар, кең интеллектуалдық ой өріске ие дарынды оқушыларды жұртшылыққа таныстыру мақсатын жүзеге асырады.

  Айдар кейіпкерлері – республикалық, халықаралық олимпиадалардың шығармашылық, зияткерлік байқаулардың жүлдегерлері.