Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Х “Ақберен” республикалық өнер байқауы қорытындыланды

  Сүйінші! АТЫРАУЛЫҚ КОМАНДА ІІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ!!! Ақтау қаласында өткен “Ақберен” республикалық өнер байқауынан оқушыларымыз жүлдемен оралды!

  II орын – Күміс медальмен:
1.Абуханов Ернар – “Көркемсөз оқу” номинациясы бойынша II орын, (Н.Тлендиев атындағы мамандандырылған мектеп – гимназия интернатының 10 – сынып оқушысы)
2. Серікбай Бекзат – “Ұлттық аспапта өнер көрсету” номинациясы бойынша II орын, (Атырау қаласы Д.Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп – лицейінің 10 – сынып оқушысы).

  III орын – Қола медальмен:
Берік Әсемай – “Ақындар айтысы” номинациясы бойынша III орын, (Индер ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің 11 – сынып оқушысы) марапатталды.

  Исаш Бексұлтан – “Эссе жазу” номинациясы бойынша Грамота иеленді. Ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп – интернатының 11 – сынып оқушысы.

  Атырау облысынан қатысқан оқушылар түгел сертификат алып, командалық есепте III орынға табан тіреді. Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау