Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

ХVІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАСТАУ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

  Сіздерге ағымдағы жылдың 9 – 13 – маусым аралығында Алматы қаласында өткен ХVІ республикалық математикалық «Бастау» турнирі қорытындыланғанын хабарлаған болатынбыз.

  Бүгін орталықта аталған олимпиадаға қатысып, жүзден жүйрік атанған оқушыларымызды марапаттау шарасы өткізілді.

  Орталық басшысы Р. Сарбалин олимпиада жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтап, ақшалай сертификаттар және олардың жетекшілері мен ата-аналарына Алғыс хаттар табыстады.

  Сондай-ақ Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларды олимпиадаға дайындап, оқу-жаттығу жиынын өткізген “Зерделі ақыл-ой дамыту” мектебіне де Алғыс хат табыс етілді.

  Айта кетейік, 10 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатырған олимпиададан Атырау бүлдіршіндері бірінші рет жүлде әкеліп, облыс намысын асқақтатты.

  Барлық оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!