Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

IMO жеңімпазы Айбек Мырзатайды атыраулықтар әуежайда қарсы алды

IMO жеңімпазы Айбек Мырзатайды атыраулықтар әуежайда қарсы алды

2021 жылдың 5 тамыз күні атыраулықтар Халықаралық математикалық олимпиадасының  (IMO) жеңімпазы Айбек Мырзатайды әуежайдан  күтіп алды.

Қарсы алушылардың құрамында облыстық Білім беру басқармасының, Таланттарды анықтау және қолдау орталығы мен БАҚ өкілдері және ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар болды.

 Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-класс оқушысы Айбек Мырзатай – Қазақстанның ұлттық құрамасының құрамында болып, 2021 жылғы 14-24 шілде аралығында қашықтық форматта өткен 62-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға (ІМО- 2021) Алматы қаласынан қатысқан болатын.

Ресей Федерациясының (Санкт-Петербург қ.) ұйымдастыруымен өткен биылғы олимпиадаға Айбек Мырзатайдан бөлек, 5 оқушы қатысып, барлығы да жүлдеге ие болып, 3 күміс, 2 қолаға ие болды.

IMO жеңімпазы Айбек Мырзатайды атыраулықтар әуежайда қарсы алды📌Айбек осы кезге дейін бірнеше білім сайыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген болатын. Атап айтсақ,

    1. Республикалық олимпиадада математика пәні бойынша ІI орын, Атырау-2018
    2. Республикалық Эйлер олимпиадасынан II орын, Алматы-2018
    3. Республикалық олимпиадада математика пәні бойынша І орын, Ақтөбе-2019
    4. Ә.Жәутіков атындағы математика пәндері бойынша XV  Халықаралық олимпиададан «алтын алқа» Алматы-2019
    5. Халықаралық Балқан олимпиадасынан математика пәні бойынша «алтын алқа» Кипр – 2019
    6. Халықаралық Туймаада олимпиадасынан математика пәні бойынша «алтын алқа» Якутия-2019
    7. Халықаралық Батыс Қытай олимпиадасынан математика пәні бойынша «алтын алқа» Қытай-2019
    8. Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасынан математика пәні бойынша «күміс алқа» Баку-2019
    9. Ә.Жәутіков атындағы математика пәндері бойынша XVI Халықаралық олимпиададан математика пәні бойынша «алтын алқа» Абсолюттік чемпион, Алматы – 2020ж
    10. Ә.Жәутіков атындағы математика пәндері бойынша XVII Халықаралық олимпиададан күміс2021
    11. ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасынан күміс2021
    12. математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасынан алтын 2021
    13. 62-ші Халықаралық математикалық олимпиадасынан (ІМО- 2021) алтын иеленген еді.

📌IMO (International Mathematical Olympiad) халықаралық математикалық олимпиадасы – бұл жыл сайын мемлекеттердің бірінде өткізілетін жоғары сынып оқушыларына арналған математикадан чемпионат. Олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқы Олимпиада  7 елдің қатысуымен Румыния мемлекетінде өткен. Соңғы жылдары Олимпиадаға 5 құрлықтан 100-ден астам мемлекет қатысуда.

📌1992 жылы алғаш рет қазақстандық оқушылар Халықаралық математикалық олимпиадаға қатысты.  Ал 2010 жылы Қазақстан 51-ші IMO-ның ұйымдастырушысы болып тағайындалды. Мұндай ірі іс-шараны өткізу үшін еліміз қажетті барлық талаптаран өтіп, Олимпиаданы абыроймен атқарды. Олимпиадаға 100-ден астам елден 500 оқушы қатысқан болатын.

📌1992 жылдан бері Халықаралық математикалық олимпиадасында Қазақстаннан 156 оқушы қатысты. Олар 15 алтын, 33 күміс, 64 қола медалді  және 27 мақтау грамотасын иеленді.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау