Атырау облысының Білім беру басқармасы “Таланттарды анықтау және қолдау орталығы” мен «IQanat білім қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Атырау облысының 8 – сынып оқушыларына арналған «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңі басталды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – жалпы білім беретін ауылдық мектептердегі оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру; ауыл мектептері оқушыларының ынтасын арттыру.
Олимпиада ауыл мектептерінің 8 – сынып оқушылары үшін оқу жылы бойы төрт кезеңде қамқоршылардың қаражатына өткізіледі:
1) іріктеу кезеңі – онлайн форматта. Өткізу мерзімі – қыркүйек-қазан;
2) 1-кезең – аудандық. Өткізу мерзімі – қазан-қараша;
3) 2-кезең – облыстық. Өткізу мерзімі – наурыз;
4) 3-кезең – республикалық (финал). Өткізу мерзімі – маусым.
Олимпиаданың бірінші кезеңі ең жақсы дайындалған оқушыларды іріктеу мақсатында өтеді.
40 сұрақтан тұратын кешенді тестілеу:
– математикалық сауаттылық 10 сұрақ;
– логикалық ойлау 10 сұрақ;
– сыни ойлау 10 сұрақ;
– қазақ тілі 10 сұрақ.
Тестілеу ұзақтығы – 80 минут.
Атырау облысы бойынша «IQanat» олимпиадасының 1-кезеңі осы жылы 28 – қазан мен 3 – қараша аралығында өтеді, оған 1392 оқушы қатысуда. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!