Атырау Сервис колледж базасында 9 – 11 – сынып оқушылар үшін «JasSkills – Atyrau 2023» облыстық шеберлік чемпионаты өтуде.
Облыстық чемпионат білім алушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, стильді образ жасауда кәсіби қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу, мамандықтың беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Чемпионатқа қатысушылар 2 күн бойына «Сән технологиясы», «Мейрамханалық сервис», «Шаштараз өнері» және «Кондитерлік іс» құзыреттіліктері бойынша бақ сынайды.
Байқаудың ережесіне сәйкес сыныптар категориясы бойынша қатысушылар жүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталады.