Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

ЛИНГВИСТИКАДАН ІРІКТЕУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

  28 – қараша күні жалпы білім беретін мектептердің 8 – 11 – сынып оқушылары арасында республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығы базасында өтті.

  Олимпиадаға облыс бойынша 17 оқушы қатысып, төмендегідей нәтижемен қорытындыланды:

  1-дәрежелі дипломмен Нұрсұлтан Ербатыр – Атырау облысы Білім беру басқармасының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

  2-дәрежелі дипломмен Қосымбаев Ислам – Атырау облысы білім беру басқармасының №2 «Білім-инновация» лицей интернаты» КММ-нің 11-сынып оқушысы;

  3-дәрежелі дипломмен Аманқұл Шұғыла – Атырау облысы білім беру басқармасының №3 «Білім-инновация» лицей интернаты» КММ-нің 10-сынып оқушысы;

  3-дәрежелі дипломмен Айбекқызы Кәусар – Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының 10-сынып оқушысы;

  3-дәрежелі дипломмен Исмагулова Аружан – Атырау қаласы №38 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

  3-дәрежелі дипломмен Жолдас Сұлтан – Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 11-сынып оқушысы марапатталды.

  Және олимпиадаға қатысушылар орталықтың Алғыс хаттарын да иеленді. 1, 2-орын жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды.
Жүлдегерлерді, олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау