Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«ҰЛЫ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

  20 – қыркүйек күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығы базасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауы онлайн форматында өтті.

  Байқауға облыс бойынша 21 оқушы қатысты. Оқушылардың байқауға дайындықтары жоғары дәрежеде болды, соның ішінде «Fly Sky» модельдік ракетасы, трактор моделі, «Ақылды ауа ылғалдандырғыш» жобасы, «Акватанк» модельдері жоғары нәтиже көрсете алды.

  Жүлдегерлер тізімін суретті жылжытып көре аласыздар.

  «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының қазылар алқасы шешіміне сәйкес І орын алған қатысушылар республикалық кезеңге жолдама алды.

  Жүлдегер оқушыларымызды және оларды дайындаған жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!