Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АШАМЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

  25 – мамыр күні қашықтық форматында өткен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының жеңімпаздары анықталды.

  Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.

  Еліміздің әр өңірінен 180-ге жуық оқушы қатысқан форумда Атыраулық оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізді.

  Олар:
  II орын
«Болашақтың мамандығы…» номинациясы
Қаламғали Дастан – Құрманғазы ауданы, Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы;

  III орын
«Менің кәсібім – менің бизнесім» номинациясы
Атырауова Райхан – С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенті

  Жеңімпаздарды орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!