24-26 наурыз аралығында Алматыда Л. Эйлер атындағы математика олимпиадасының қорытынды кезеңі өтіп, атыраулық екі оқушы жүлдеге ие болды.
Аталған олимпиаданы”Әл Фараби” Олимпиадаға дайындық орталығы ұйымдастырып, оған еліміздің барлық түпкірінен 6-8 сынып бойынша 35 оқушы қатысты.
Республика бойынша тек облыстық кезең жеңімпаздары қатысқан олимпиадада Атырау облыстық “Білім-инновация” лицейінің 8-сынып оқушылары Үмбетқали Мансур мен Бейсенбаев Мирас жүлделі үшінші орынға ие болды.






