Бүгін, 3 қыркүйекте Атырау сервис колледжінің базасында мемлекеттік тілде ашық жалпықазақстандық диктант өткізілді. Оған Таланттарды анықтау және қолдау орталығының мамандары да қатысушылармен кездесіп, шараға қатысып қайтты.
“Мың бала” республикалық мәдени-ағарту жобасының аясында ұйымдастырылған шараға Атырау облысы бойынша отызға жуық колледж студенттері қатысты.
Жалпықазақстандық диктант жыл сайын өткізіліп келеді, сондай-ақ қатысушылардың да саны жыл сайын артып келеді. Әлі де қатысамын деушілердің қарасы қалың.
Бұл шараға қатысу тек қазақ тілін білу деңгейін тексеріп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік тілдің қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, Қазақстан халқының келісімі мен бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосатыны даусыз.












