16 – қазан күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығы базасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі өтуде.
Байқаудың мақсаты: туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.
Байқау екі тур бойынша өтуде:
І тур – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест (45 мин);
ІІ тур – 4 номинация бойынша:
1) «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);
2) «Шағын Отанымның символы» номинациясы бойынша – автордың өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
3) «Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
4) «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – туған жері, өз қаласы/ауылы туралы эссе жазу (90 мин).
Байқау жеңімпаздары Орталықтың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Қатысушыларға сәттілік!