ҚУАНЫШТЫ ХАБАР КЕЛІП ЖЕТТІ!
29 – қазан – 1 – қараша күндері Ақтөбе қаласында 9 – 10 – сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың “Менің шағын Отаным” атты VI республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болған оқушыларымыз Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Жанғали Саламатты және “Зияткер” мамандандырылган мектеп-лицей-интернатының 10 – сынып оқушысы Сайхан Шаттығымды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Айта кетейік, Республикалық кезең 2 турда өтті: Қазақстан тарихы бойынша тестілеу және 4 номинация бойынша (видео-репортаж, видео, макет, эссе). Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталды.










