12 мамыр күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының конференц-залында «Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасы аясында «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық конкурсы өтті.
Байқау түрлі этностардың балаларын қазақ халқының бай әдеби мұрасына, салт- дәстүрлеріне баулу арқылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық рөлін арттыру мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді.
Атырау облысы бойынша 12 жұмыс байқауға қабылданып, қазылар алқасының шешімімен «Өнерлі өрге жүзер» байқауының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды. Олар:
- І орын Құрманғазы ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектеп оқушысы Ким Роман
- ІІ орын Атырау қаласы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Александрова Любовь Евгенеевна
- ІІІ орын Жылыой ауданы № 6 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Романов Андриан
Байқауда әр түрлі тақырыптарда қазақша вокалдық ән айту өнері немесе домбырамен жыр, терме, күй орындалуын 2-3 минуттық бейнероликке түсіру талабы болды. Сондай-ақ 12 жастан бастап облыстың этнос өкілдерінің мектеп оқушылары қатыса алады.





