Таланттарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған 23 наурыз бен 3 сәуір аралығында “Он күндік” жобасы қорытындыланды.
Аталған жобаның мақсаты – оқушылардың республикалық олимпиадаға дайындығын нығайту бағытында болатын. Бұл мақсат толық орындалды деуге негіз бар. Себебі бір күнгі дайындық сабақтарына оқушылар өз қызығушылықтарын білдіріп белсене қатынасып отырды.
Оқушыларға жаратылыстану пәндері мен ағылшын тілі және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша екіге бөлініп оқыту жұмыстары жүргізілді.
Жаратылыстану және ағылшын тілі пәндерінен облыстық “Білім-Инновация” лицейінде «Edlight» академиясының бас директоры Байрам Кенджидің жетекшілігімен академиядан 7 тренер 44 оқушыға дәріс берді.
Соңғы 1 сәуір күні Тәжірибе алмасу мақсатында Атырау қаласы мектептерінен 21 мұғалім «Edlight» академиясы тренерлерінің сабақтарына қатынасып, оқушыларды олимпиадаға дайындаудың озық, жаңа тәсілдерімен танысты.
Ал «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» базасында өткен қоғамдық – гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиадаға дайындық жұмыстарына облысымыздың білікті мұғалімдер тартылды.
Бұл бағыт бойынша, 23 оқушы қатысып, деңгейлік тапсырмалар, теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибелік тапсырмаларды түрлі бағытта берілуі, дәйек сөздерді қолданып эссе жазуға үйрету, ситуациялық жағдаяттарды тапқырлықпен шешу, оқулықтармен жұмыс жасау т.с.с. жұмыстарды орындады.
25 наурызы күні дайындық мұғалімдеріне арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мұғалімдерге сенім білдіре отырып, басшылыққа алынатын талаптар түсіндірілді.
“Он күндіктің” соңғы күні, 3 сәуір күні «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында оқу-жаттығу жиынының қорытынды аяқталу кезеңі өтіп, арнайы келген Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин оқытушыларға ризашылығын білдіріп, қатысушыларға табыс тіледі.


















