Бүгін, 8 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңі басталды.
15 пән бойынша өтетін олимпиада пандемияға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау мақсатында бес күнге созылады.
Бүгін түске дейін екі пән бойынша – физика, математика, түстен кейін химия, биология пәндерінен өтеді. Алғашқы екі пән бойынша жалпы саны 650-ге жуық оқушы қатысуда.
Айта кетейік, аудандық-қалалық кезең 8-12 ақпан аралығында, облыстық кезең 22 ақпан-3 наурыз аралығында өтетін бұрын хабарлағанбыз.





